22 қараша 2016 10:19

Ақмола облысында інісіне арақ ішкізген жігіт сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Сот кәмелетке толмаған інісін алкогольдік масаң күйге дейiн жеткiзген жігітке қатысты айыппұл жазасын тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат Ч-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Ч. есімді азамат інісінің кәмелетке толмағанын біле тұра, онымен алкогольдік ішімдік ішкен. Нәтижесінде інісін алкогольдік масаң күйге дейiн жеткiзген.

Соттың шешімімен Ч. есімді азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 131-бабында ("Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн жеткiзу") көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети