05 қаңтар 2015 12:39

Ақмола облысында ірі жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©static.ngs.ru ©static.ngs.ru

Ақмола облысында жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тауып, жеті адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды және тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Жол апаты 4 қаңтарда Зеренді ауданында, Көкшетау - Рузаев тас жолының 52-шақырымында болды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Рузаевтан шыққан Mercedes 320 автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі алдындағы көлікті басып озу үшін жолдың қарама-қарсы бағытына шығып кеткен. Сөйтіп ол Audi 80 автокөлігімен соқтығысты.

Жол апатының салдарынан 27 жастағы ер адам мен екі жасар бала қаза тапты. Сонымен қатар, Ақмола облыстық ауруханасына түрлі дәрежеде жарақат алған жеті адам жеткізілді, арасында кәмелетке толмаған екі бала бар.

Айта кетейік, 26 желтоқсанда Қарағанды - Балқаш тас жолында, Балқаш қаласынан бес шақырым жерде жол апаты болған еді. Honda автокөлігін басқарған 1986 жылы туылған Қырғызстан азаматы жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, рулінде Алматы қаласының тұрғыны болған Mercedes көлігіне соғылды. Көліктердің соқтығысынан екі жүргізуші мен екі жолаушы зардап шекті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети