Ақмола облысында үш жасар сәби Chupa Chups кәмпитіне қақалып өлді

02 Маусым 2015, 16:19
0
Ақмола облысында үш жасар сәби Chupa Chups кәмпитіне қақалып өлді - ©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысының Қосшы ауылында 2012 жылы туған сәби кәмпитіне қақалып өлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үш жасар сәби Chupa Chups кәмпитіне қақалып қалған. "Ақмола облысының Қосшы ауылдық ауруханасынан құқық қорғау органдарына 1 маусымда шамамен сағат сегізде өз үйінде 2012 жылғы сәбидің өлгені жайлы хабар келіп түсті. Диагноз - механикалық асфиксия, Chupa Chups кәмпитіне қақалып қалған", - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, осы жылдың сәуірінде Орал қаласында екі жасар баланың сағызға қақалып өлгені хабарланған болатын. Сот-медициналық сараптаманың актіне сәйкес, 2013 жылы туған сәби жоғарғы тыныс алу жолдарын бөтен заттың жауып қалғанынан қайтыс болған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай