25 тамыз 2014 11:57

Ақмола облысындағы орман өрті сөндірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Ақмола облысының Ақкөл ауданындағы орман өрті сөндірілді. Тengrinews.kz-ке бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.


Ақмола облысының Ақкөл ауданындағы орман өрті сөндірілді. Тengrinews.kz-ке бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"25 тамыз күнгі сағат 08.00-дегі мәлімет бойынша орманда аэровизиуалды шолу жасалды. Өртенген ауданның 100 гектар екені анықталды. Өрт сөндірілді. 305 адам, 47 техника, үш тікұшақтан тұратын күш аймақты күзетіп, өрттің шағын ошақтарын залалсыздандыруды жалғастырып жатыр", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, Новорыбинка елді мекені аумағындағы Қозған орманшылығының "Кеңес" шаруашылығында қураған шөп өртеніп, жалын орман алабына ұласқан еді. Өрт туралы хабар 24 тамыз күні сағат 13.32-де келіп түсті. Оқиға орнына ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің, орман шаруашылығының және орман әуе күзетінің күштері мен техникалары барды. Көкшетау мен Астанадан қосымша өртсөндіру техникалары және ҚР ІІМ Азаматтық қорғаныс комитетінің полкы да жұмылдырылды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети