12 қаңтар 2016 09:40

Ақмола облысындағы уақытша ұстау изоляторында полицей атылып өлді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Lada.kz © Lada.kz

Ақмола облысындағы уақытша ұстау изоляторында сақшы атылып өлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. Оқиға 11 қаңтарда болған.


Ақмола облысындағы уақытша ұстау изоляторында сақшы атылып өлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. Оқиға 11 қаңтарда болған.

"1994 жылдың 19 наурызында дүниеге келген Курков Николай Русланович - Есіл аудандық ІІД "уақытша ұстау изоляторының қылмыс жасады деген күдіктілерді күзету қызметі тобының полицей-сақшысы қарумен басына оқ ату жолымен өзін-өзі өлтірді", - делінген хабарламада. Сотқа дейінгі тергеудің қорытындысы бойынша, полицейдің өлімінің оның қызметтік жұмысына қатысы жоқ. Қаза тапқанның анасының айтуынша, соңғы кезде баласы көлік сатып алып, оның көп қарызы болғандықтан уайымға беріліп жүріпті.

"Курков ішкі істер органдарында 2015 жылдың сәуір айынан бері қызмет еткен, бойдақ. Ол ішкі істер бөліміне қызметке кіргенде және медициналық куәландырудан өткенде, оның ішінде психолог пен полиграфологиялық сынақтан өткенде суицидке бейімі анықталмаған", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети