23 қаңтар 2016 17:09

Ақмола облысының құтқарушылары жоғалып кеткен екі адамды тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында құтқарушылар далада адасып кеткен екі адамды тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақмола Медиа Орталығына" сілтеме жасай отырып. 


Ақмола облысында құтқарушылар далада адасып кеткен екі адамды тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақмола Медиа Орталығына" сілтеме жасай отырып. 

Есіл аудандық Төтенше жағдайлар бөліміне Раздольное ауылының тұрғыны келіп, өзінің туыстары - ер және әйел адамның 22 қаңтарда 25 шақырым жерде орналасқан көрші ауылға жаяу қонаққа кетіп, қайтып оралмағанын айтады. Осыдан кейін құтқарушылар жоғалғандарды іздестіруді бастайды.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, іздестіру жұмыстарына үш автомобиль, трактор мен қарда жүретін машина тартылды. Сонымен қатар, құтқару жұмыстарына Жақсын ауданы өрт сөндіру бөлімінен тағы бір автомобиль жұмылдырылды.

Жоғалып кеткендер бір сағат ішінде Раздольное ауылынан 17 шақырымда табылған. Зардап шеккендер үйлеріне жеткізілді. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Құтқару операциясына 10 адам қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети