18 қараша 2014 10:28

Ақпарат құралдары Алматы колледжіндегі жарылыстың қосымша деректерін анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға орны. ©Владимир Прокопенко Оқиға орны. ©Владимир Прокопенко

Ақпарат құралдары Алматы сән және дизайн колледжінде болған қайғылы оқиғаның жай-жапсарын анықтады. "Жетінші арна" журналистері граната жарылған колледж студенттері арасында сауалнама жүргізді, олар өздері куә болған жайттар туралы айтып берді.


Ақпарат құралдары Алматы сән және дизайн колледжінде болған қайғылы оқиғаның жай-жапсарын анықтады. "Жетінші арна" журналистері граната жарылған колледж студенттері арасында сауалнама жүргізді, олар өздері куә болған жайттар туралы айтып берді.

"Ол әрқашан оқу гранаталарын беретін, бірақ оны қозғауға рұқсат бермейтін, жай ғана көрсететін. Ал мына жерде ол гранатаны қолға ұстатып, кетіп қалды деп жатыр", - дейді колледжде оқитын жастардың бірі.

"Алғашқы әскери дайындық сабағында нағыз жарылғыш заттар болмайды. Оқу гранаталары ғана, олардың заряды болмайды. Ал мынау нағыз граната болған, ол әкеліп беріп, шығып кеткен", - деді студент. 

Телеарнаның мәліметінше, анықтала қоймаған ақпаратқа қарағанда, жасөспірімдер сыныпта гранатаны бір-біріне лақтырысып отырған, бір кезде біреу сақтандыру шығыршығын тартып қалады. 

Ал Almaty.tv алдын ала мәлімет бойынша алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, запастағы капитан сабаққа оқу гранатасы ретінде маркаланған жауынгерлік гранатаны алып келгенін хабарлайды. "Мұғалім студентке нағыз жарылғыш затты бергенін білмей қалуы да мүмкін. Студент оны партаға қойған кезде жарылып кетті", - деп хабарлайды телеарна.

"31 арна" да оқиға куәгерлеріне сілтеме жасай отырып, "сыныпқа гранатаны мұғалім алып келген" деп хабарлайды. Жарылғыш затты студенттерге берген ер адам кабинеттен жылдам кетіп қалады. Телеарнаның хабарлауынша, 16 жастағы Светлана Яковлева жарылғыш затты қолына ұстап тұрған. Снарядтың оқу құралы екеніне сенімді қыз оның шығыршығын тартып қалғанда жарылыс болғанға ұқсайды.

"КТК" телеарнасы да колледжге гранатаны әскери пән жетекшісі алып келгенін хабарлайды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети