Ақтау тұрғыны балабақша маңында бір әйелді аяусыз ұрып-соқты

28 Қаңтар 2016, 16:09
0
Ақтау тұрғыны балабақша маңында бір әйелді аяусыз ұрып-соқты - © ptzgovorit.ru
© ptzgovorit.ru

Ақтау қаласының 39 жастағы тұрғыны балабақша маңында бір әйелдің шашын жұлып, аяусыз ұрып соққан, - деп хабарлайды "Лада".

Оқиға Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылында болған. Балабақшаның 39 жастағы жұмысшы әйелі өз жұмыс орнының маңында бейтаныс ер адамның шабуылына ұшыраған. Зардап шеккен әйелдің айтуынша, бұзақы кенеттен шашынан тартып, құлатып, аяусыз ұрып-соққан. Әйел оқиғадан кейін Маңғыстау облыстық ауруханасына түрлі жарақатымен түсті.  

Расталмаған мәліметтер бойынша, бұзақы балабақшада тәрбиеленуші балалардың бірінің әкесі. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ер адамды ұстап үлгерді, алайда оның бұл әрекетке неліктен барғаны белгісіз. Қазіргі уақытта полицейлер бұл істі қарап жатыр әрі сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай