04 қараша 2015 17:18

Ақтауда әйел мен ер адам балалардың көзінше итті өлтіріп тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ақтауда қаңғыбастар балалардың көзінше итті өлтіріп тастады, - деп хабарлайды "Лада".


Ақтауда қаңғыбастар балалардың көзінше итті өлтіріп тастады, - деп хабарлайды "Лада".

14-ші ықшамауданның тұрғындарының айтуынша, аулада ойнап жүрген балалар иттің ұлығанын естіген. Олар қаңғыбастардың итті бөлшектеп жатқанын көріпті.

"Олар көмекке шақырды. Қаңғыбастардың күшікті мүшелеп жатқанын көріп, полиция шақырдым. Бұл нағыз айуандық, олар күшікті тірідей сойып тастады. Балалар қаңғыбастардың итті жейтінін айтты. Біз көршіміз екеуміз ер адам мен әйелді ұстап қалдық, олар етті қалтаға салып алып кетпек болды", - деді жергілікті тұрғын Мұхтар Үмбетов.

Оқиға болған жерге полицейлер келіп, ер адамды ұстады, ал әйел адамды босатып жіберді. Маңғыстау облысы ішкі істер департаментінің мәліметінше, дерек ақпаратты тіркеу кітапшасында 316-бап "Жануарларды қорлау" бойынша тіркелді.

"Ұсталған ер адам итті туберкулез ауруымен ауырғандықтан ем үшін жегенін айты. Туберкулезге қарсы диспансер оны құжаттарының болмағандығынан қабылдамапты", - деді ІІД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Сәрсенбаев. Дегенмен, туберкулезге қарсы диспансер емдеу мекемесіне адамдардың құжатсыз да қабылданатынын хабарлады.

Үйсіз жануарларды қорғаушылардың айтуынша, мұндай жағдай Ақтауда жиі болып тұрады. Волонтерлер мысықтар мен күшіктердің терісін жиі тауып алады екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети