Ақтауда белгісіз біреу екі жігітке оқ атып, кейін жасырынып қалды, - деп хабарлайды Lada.kz.
Ақтауда белгісіз біреу екі жігітке оқ атып, кейін жасырынып қалды, - деп хабарлайды Lada.kz.
Оқиға 11 қараша күні облыс орталығындағы 27-ші ықшамауданда болды. Белгісіз біреу үй алдында тұрған жігіттерге оқ жаудырып, қашып кетті. Оқиғаның салдарынан Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылының 20 жастағы тұрғыны облыстық аурухананың травматологиялық бөліміне жеткізілген.
Екінші жәбірленуші - 24 жастағы жігіттің ішіне оқ тиіп, жан сақтау бөліміне жеткізілді. Оқиға туралы басқа ақпарат жоқ.
Іс дерегі бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, тергеу басталды.