Ақтауда ер адам бес қабатты үйдің шатырынан құрылыс материалдарын лақтырды, - деп хабарлайды "Лада". Мұны куәгерлер видеоға түсіріп алды.
Ақтауда ер адам бес қабатты үйдің шатырынан құрылыс материалдарын лақтырды, - деп хабарлайды "Лада". Мұны куәгерлер видеоға түсіріп алды.
Видео авторы оқиғаның 13-ші ықшамаудандағы №49 үйде болғанын жазды. Оның айтуынша, бес қабатты үйдің шатырынан ер адам рубероид, бетон жабындының қалдықтарын лақтырған. "Мен бұл видеоны сағат 11.30 шамасында түсірдім. Меніңше, қоқысты жөндеу компаниясының қызметкерлері лақтырды. Видеода бір-ақ адам көрінген, дегенмен шатырда бірнеше адам болды. Үйдің тұрғындары қоқысты лақтырмауларын сұрады. Бірақ ер адам әрекетрін доғармады", - деді куәгер.
Маңғыстау облысы ІІД өкілі 13-ші ықшамауданның учаскелік инспекторы қоқысты кімнің лақтырғанын анықтап жатқанын айтты. Полицейлер қоқыс лақтырған адамды анықтаған жағдайда, олар жазаға тартылады. Пәтеріне жөндеу жүргізген адам 20 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.
Еске сала кетейік, мұндай жағдай Ақтауда алғаш рет болып отырған жоқ. Мысалы, бұған дейін көпқабатты үйдің терезесінен қоқыс лақтырағаны үшін Ақтаудың тағы бір тұрғынына айыппұл салынған еді. Желіде даулы ролик пайда болғаннан кейін 27-ықшамауданының учаскелік инпекторы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан пәтердің иесін тапты. Испектор Ерлан Зорбаевтың айтуынша, пәтердің иесі кінәсін бірден мойындамаған. Ол туысына қоқысты шығаруды тапсырғанын айтып түсіндірген, ал оның туысы жұмысшыларға тақтайлар мен есіктерді терезеден лақтыра салыңдар депті. "Біз сол азаматты мысалға ала отырып, рұқсат етілмеген жерге әсіресе көпқабатты үйлердің терезесінен қоқыс лақтырудың заңмен қудаланатынын көрсеткіміз келді", - деді Зорбаев.