24 қараша 2015 18:04

Ақтауда бинго-клубта төбелескен адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube © Youtube

Ақтауда полиция бинго-клубтың маңында төбелескендердің бірін ұстады, - деп хабарлайды Lada.kz. Айта кетейік, төбелес түсірілген видео Интернетке жарияланған болатын.


Ақтауда полиция бинго-клубтың маңында төбелескендердің бірін ұстады, - деп хабарлайды Lada.kz. Айта кетейік, төбелес түсірілген видео Интернетке жарияланған болатын.

13 қарашада болған төбелеске қатысқандардың бірінің үстінен "Қарақшылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицияның мәліметінше, ер адам клубтың мас келушісін күшпен далаға алып шығып, бірнеше соққы жасаған. Сонымен қатар, мас ер адамның қалтасынан 35 мың теңгені алғаны белгілі болды. Осыдан кейін ол қашып кеткен. Облыстық ІІД күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.


"Тумба" порталының видеосы.

"Империал" бинго-клубының басшылығы бұған дейін оқиғаның ғимараттан тыс болғанын алға тартып, түсінік беруден бас тартқан еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети