07 қазан 2015 10:52

Ақтауда біреудің әмиянын алып кеткен әйелдер оны иесіне қайтарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lada.kz © lada.kz

Желіде пайда болған видеодан кейін біреудің әмиянын алып кеткен әйелдер оны иесіне қайтарды, - деп хабарлайды "Лада".


Желіде пайда болған видеодан кейін біреудің әмиянын алып кеткен әйелдер оны иесіне қайтарды, - деп хабарлайды "Лада".

Басылымның мәліметінше, әйелдер әмиянды ақшасымен бірге қайтарған. Бұл туралы зардап шеккен Алмагүл Аманғалиева хабарлады. Оның айтуынша, видео жарияланғаннан кейін әйел қоңырау шалып, әмиянды апарып берген. Жоғалған кезде әмиянда болған 52 мың теңге де қайтарылыпты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтауда жерге түскен әмиянды пакеттеріне салып әкеткен әйелдердің іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын. 

Айта кетейік, бұл оқиғаға дейін де Ақтауда осындай жағдай болып, оның видеосы жарияланды. Оқиға 2 қазанда қаланың №15 ықшамауданындағы дүкендердің бірінде болды. Ол кезде сатып алушы әйел біреулердің абайсызда қалдырып кеткен әмиянын тауып алып, оны сөмкесіне салып алды. Бұл әрекеті бейнебақылау камерасына жазылып қалған болатын.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети