Ақтауда енесін ұрып-соққан ер адам жазаланды

12 Желтоқсан 2016, 10:04
0
Ақтауда енесін ұрып-соққан ер адам жазаланды - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Ақтауда сот енесін ұрып-соққан сотталушыға қатысты қылмыстық істі қарап болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл оқиға 11 қарашада болған. Отбасындағы тұрмыстық жағдайларға байланысты енесін жақтырмайтын ер адам өз пәтерінде қасақана енесінің ішінен бірнеше рет ұрған. "Осылайша сотталушы денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру арқылы қылмыстық іс жасады", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Соттың үкімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 108-бабы ("Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру") бойынша айыпты деп танылып, 70 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарды атқаратын болады.




  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай