Ақтауда эскалаторға қысылып қалған баланың видеосы пайда болды

10 Маусым 2018, 17:03
0
Ақтауда эскалаторға қысылып қалған баланың видеосы пайда болды - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Instagram желісінде "Ақтау" сауда және ойын-сауық орталығында болған оқиғаның видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Lada.kz.

Видеоға қарағанда бала эскалаторда үлкендердің қарауынсыз жүгіріп жүрген: бірде түсіп, бірде көтерілген. 

Кейін бала шалынып кетіп, қолын эскалатор қысып қалған. 

Еске салайық, оқиға 6 маусымда "Ақтау" сауда-ойын сауық орталығында болған. Анасының сөзінше, бала эскалаторда соғылып қалып, қолы қысылып қалған

"Күйеуімнің қолында тоғыз айлық бала болды, үш жасар баламыз да жанымызда болды. Бір сәтте банкоматтан ақша шешуге бардым. Қайтып келіп, тоғыз айлық баламды өз қолыма алдым. Осы кезде ұлым эскалатор жаққа қарай жүгіріп кетті. Мен оның соңынан жүгіре бардым, құлап қалғанын көрдім. Сол қолы эскалаторға қысылып қалды. Қолын бірден шығарып алдық, бірақ мен ішімнен саусақтары қысылып қалды деп ойладым. Өзім де құлап кеттім. Кішкене қысылып қалдым, аяғымды жарақаттадым. Содан күйеуіміз екеуміз дәріханаға барып, алғашқы көмекті алдық. Көп қан кетті. Фармацевт ауыруды бәсеңдететін екпе салып бермекші болды. Бірақ балам қатты шошып қалған. Сосын облыстық балалар ауруханасына бардық", - дейді зардап шеккен баланың анасы Ильмира.

Айта кетейік, 22 мамырда елорданың орталық базарында ұқсас жағдай болып, 2 жасар қыз эскалаторға қысылып қалған болатын. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай