25 желтоқсан 2019 15:46

Ақтауда ғимарат безендірген жұмысшы ауыр жарақат алған

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Lada.kz © Lada.kz

Бүгін, 25 желтоқсанда Ақтауда жұмысшы ғимарат безендіріп жүргенде түрлі жарақат алған, - деп хабарлайды Lada.kz


Бүгін, 25 желтоқсанда Ақтауда жұмысшы ғимарат безендіріп жүргенде түрлі жарақат алған, - деп хабарлайды Lada.kz

Зардап шеккен ер адам жедел жәрдеммен Маңғыстау облыстық аурухананың травматология бөліміне жеткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облысының жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасы хабарлады.

Болған оқиға туралы хабарлама сағат 12:27-де келіп түскен. 

"Ер адам №4 шағын ауданда, "Каравелла" ғимаратының маңында жарақат алған. Зардап шегуші 1990 жылы туған. Алдын ала диагноз - жабық ми жарақатын алған, миы шайқалған және омыртқаның мойын бөлігі жараланған, - деді жедел жәрдем дәрігерлері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети