Ақтауда жасөспірімдердің жаппай төбелесінің видеосы пайда болды

13 Қараша, 15:15
0
Ақтауда жасөспірімдердің жаппай төбелесінің видеосы пайда болды -

Ақтауда № 5 ықшамадуанында жасөспірімдер жаппай төбелесті, - деп хабарлайды "Лада".

Басылым мәліметінше, оқиға 12 қарашада шамамен 14:00-де болған. Бір топ кәмелетке толмағандар балалар төбелескен. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсірген. Полицейлердің айтуынша, жасөспірімдердің кім екені және ата-аналары белгілі. 

"Төбелестен ешкім зардап шеккен жоқ, ауруханаға түскендер не клиникаға барғандар жоқ. Барлығын тексерген , ешкім есепте тұрған жоқ. Ақтау қалалық ювеналды полиция жасөспірімдер мен және олардың ата-аналарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді", - деді Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Осы дерекке қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435-бабы бойынша хаттама толтырылды. Іс материалдары Ақтау әкімдігінің кәмелетке толмағандар ісі бойынша комиссияға жіберіледі. 

Бұзақылық, кәмелетке толмаған 14 пен 16 жас аралығында балалар жасаған уақытта олардың ата-аналарына жеті АЕК көлемінде айыппұл салынды. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай