24 ақпан 2017 14:56

Ақтауда жол апатынан 26 жастағы қыз қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lada.kz © lada.kz

Ақтау қаласының 27 ықшамауданында жол апатынан 26 жастағы қыз қайтыс болды, - деп хабарлайды "ЛАДА". Оқиға 20 ақпанда автокөлікке қосалқы бөлшектер сататын базардың маңында болған. 


Ақтау қаласының 27 ықшамауданында жол апатынан 26 жастағы қыз қайтыс болды, - деп хабарлайды "ЛАДА". Оқиға 20 ақпанда автокөлікке қосалқы бөлшектер сататын базардың маңында болған. 

"Жаяу жүргіншіге арналған жолда жол-көлік оқиғасы болды. 1991 жылғы қыз қайтыс болды. 26 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы - абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды", - деді Маңғыстау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің өкілдері. 

Осы бап бойынша, белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қайтыс болған қыздың әріптесінің айтуынша, ол Қарағанды тумасы. "Ақтау" сауда-орталығындағы дүкендердің бірінде істеген. Сол күні шамамен 21:30-да жұмыстан қайтып бара жатқан. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети