1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Ақтауда кафе толықтай өртеніп кетті

9 қыркүйекте 10:30 шамасында Ақтауда 28А ықшамауданындағы кафелердің бірі өртенді. Өрттің қалай шыққаны анықталып жатыр. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Жасұлан Айнабек мәлімдеді, - деп хабарлайды "Лада"

Өрт аумағы - 80 шаршы метр. 

"Қалалық өрт сөндіру жеке құрамы өртпен арпалысты. Осы оқиға - нысанда өрт қауіпсіздігін сақтамаған жағдайда қайғылы оқиғаға душар болатынының айқын мысалы. Электр желілерін, құрылғыларды уақытылы тексеріп тұру керек. Отты ашық қолдануға болмайды. Қаланың барлық кәсіпкерлеріне сабақ болсын", - деді Жасұлан Айнабек.


© Жасұлан Айнабек