13 наурыз 2017 12:22

Ақтауда қаза тапқан теңізшінің анасы ұлы туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kstnews.kz © kstnews.kz

Ақтауда қаза тапқан мерзімді қызметтегі теңізшінің анасы ұлының өз еркімен өмірін қиюға барғанына еш уақытта сенбейтінін айтады, - деп хабарлайды "Костанайские новости" басылымы.


Ақтауда қаза тапқан мерзімді қызметтегі теңізшінің анасы ұлының өз еркімен өмірін қиюға барғанына еш уақытта сенбейтінін айтады, - деп хабарлайды "Костанайские новости" басылымы.

Айсұлу Құлтасова Қостанай облысындағы Есенкөл ауылында тұрады. Өткен жылдың 13 қарашасында әйел өз баласын әскерге шығарып салған. 

"Ол маған еш уақытта бірдеңеге көңілі толмай жүргенін айтқан емес, 8 наурызда қоңырау шалып, мерекемен құттықтады. Қайғылы оқиғаға дейін ол келісімшарт бойынша әскери қызметте қаламын деп айтты, өзіне барлығы ұнайтынын жеткізді. Біз қарсы болмадық, біз үшін алаңдамауын сұрадық. Ең бастысы, қонаққа келіп тұра аламысың деп сұрадық. Ол міндетті түрде келетінін айтты", - дейді Айсұлу Құлтасова. 

Басылымның мәліметінше, Мақсат Шишімбаев әскерде қызмет етуді армандаған және мұны кез келген ер адамның Отан алдындағы борышы деп санаған. 

Әйел адам ұлының мәйітін әлі көрген жоқ. "Қазір ұлымның денесі Қостанайда, оның жанында менің ағам бар, ол жақта сою шаралары жүргізіледі. Мен ешуақытта ұлымның суицидке өз еркімен барғанына сенбеймін", - деді әйел. 

Оның 11 сыныпта оқитын тағы бір ұлы бар. Әйел адам мектепте жұмыс істейді, ал жолдасы - от жағушы. 

Айта кетейік, Мақсаттың денесі жуынатын бөлмеден табылды деген мәлімет шыққан еді. Өзіне қол жұмсады деген нұсқа бар. Ақтау гарнизонының әскери прокуроры Рустам Ходжаев "КН" тілшісіне берген сұхбатында оқтың оның басына тигені, нақтырақ айтқанда ауыз қуысына тигені айтылған еді. 

"Біз өзіміздің сараптаманы жүргіздік, оның қорытындысы ертең белгілі болуы мүмкін. Туыстары Қостанайда да сараптама жүргізбекші, заң бойынша олар бұған құқылы, оның да қорытындысын күтіп отырмыз. "Өзін-өзі өлтіруге жеткізу" бабы бойынша іс қозғалды. Заңсыз қарым-қатынастар дерегі болуы мүмкін дегенді де есепке алып отырмыз. Жалпы біраз нұсқа қарастырлып жатыр, әлеуметтік-тұрмыстық сәттер әсер етуі де мүмкін. Осының барлығы сотқа дейінгі шаралар барысында анықталады", - деді Ходжаев.

Еске салайық, 10 наурызда 29011 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі теңізшісі Мақсат Шишімбаев қаруды абайсыз қолдану салдарынан қаза тапқан еді.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу шаралары жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети