24 желтоқсан 2015 12:35

Ақтауда көліктің астына өзі барып түскен жаяу жүргінші туралы видео жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Ақтауда жол үстінде "қойылым көрсеткен" жаяу жүргіншіні жергілікті жүргізушілердің бірі видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tumba.kz.


Ақтауда жол үстінде "қойылым көрсеткен" жаяу жүргіншіні жергілікті жүргізушілердің бірі видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tumba.kz.

Басылымның мәліметінше, роликтен автокөлік жүргізушісінің жаяу жүргіншіні қағып кеткенін көруге болады. Алайда оқиғаның куәгерлері зардап шеккен адамның әрекеті миға қонбайды деп мәлімдеді. Себебі, олардың айтуынша, ер адам көлікті өзін қақтыруға тырысқан.

"Сол сәтте бағдаршамда жаяу жүргіншінің жүруіне рұқсат ететін сигнал берілді. Жігіт жаяу жүргіншілер жолына асықпай келіп, өтіп бара жатқан көліктің астына жылдам барып түсті. Жүргізуші бірден тоқтады. Зардап шеккен адамның өз бетінше тұрып, телефонын алып шыққанын видеодан көруге болады. Осыдан кейін ол автокөліктің алдына барып, оны қағып кеткендей етіп, жерге жатып алды", - деді роликтің авторы.

Жүргізушілердің айтуынша, бұл жағдайға қатысты екі түрлі нұсқаны қарастыруға болады. "Жаяу жүргінші мас болған немесе есірткі шеккен немесе бұл жала жабудың жаңа түрі", - дейді олар. Осыған байланысты ақтаулықтар бұл оқиғаны тыңғылықты зерттеуді полицейлерден өтініп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети