21 қазан 2015 11:36

Ақтауда мектеп жанында бір қыздан марихуана табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lada.kz © lada.kz

Ақтауда мектеп жанында бір қыздан марихуана табылды, - деп хабарлайды "Лада".


Ақтауда мектеп жанында бір қыздан марихуана табылды, - деп хабарлайды "Лада".

Басылымның мәліметінше, оқиға 28-ықшамауданындағы №20 орта мектептің жанында болған. Полицейлер қызды оның кім екенін анықтау үшін тоқтатқан. 27 жастағы қыздың 12-ықшамауданының тұрғыны екені белгілі болды. Тексеру барысында қыздың сөмкесінен ішінде марихуанаға ұқсас заты бар полиэтилен пакет табылды.

"Кейін оның марихуана екенін сараптама растады. Орамада шамамен 45 грамм есірткі болған. Қыз оны жерден тауып алғанын және полицейлерді көріп, сөмкесіне тығып қоюды жөн санағанын айтып ақталды", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, сараптама барысында қыздың алақанынан марихуананың жуғындысы табылды. Сараптама нәтижесі қыздың есірткі заттарға әуестігін растады. Бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі өндіріс қозғалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети