10 тамыз 2014 12:01

Ақтауда полиция автокөлігі аударылып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Lada.kz. ©Lada.kz.

Ақтауда УАЗ маркалы полиция көлігі мен Toyota Camry соғысты, - деп хабарлайды Lada.kz. Жол көлік апаты 10 тамыз күні таңғы 4.40-та 7,8,9 және 10 ықшам ауданы қиылысында болған. 


Ақтауда УАЗ маркалы полиция көлігі мен Toyota Camry соғысты, - деп хабарлайды Lada.kz. Жол көлік апаты 10 тамыз күні таңғы 4.40-та 7,8,9 және 10 ықшам ауданы қиылысында болған. 

Куәгерлердің айтуына қарағанда, УАЗ маркалы полиция көлігі 7 және 8 ықшам ауданы арасында дауылпаз қосып, үлкен жылдамдықпен келе жатқан. Тәртіп сақшыларының көлігі соққыдан аударылып кеткен. Toyota Camry көлігі шетке шығып қалған. Құқық қорғау органы өкілдерінің айтуынша, апат салдарынан ешкім зардап шекпеген. Тергеу жүргізілуде. 

Бұған дейін Алматыда полция автокөлігі алдынғы нөмірсіз жүргені туралы хабарлаған едік. Көлікті "Ортақ жол" Жол қозғалыс қауіпсіздігі ассоциациясының жетекшісі Арсен Шакуов бейнетіркегішке түсіріп алған. Оның айтуына қарағанда, полиция автокөлігінің нөмірі ілінетін жерде қара жолақ тұрған. Айта кетейік, мұндай автокөліктер камера және фотоанықтауға көрінбейді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети