Ақтауда жолаушылар автобусының қатысуымен ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды "Лада".
Ақтауда жолаушылар автобусының қатысуымен ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды "Лада".
Оқиға бүгін, 21 қазанда сағат 09.00 шамасында Маңғышлақ станциясының жолында болған. Басылымның мәліметінше, төрт көлік соқтығысты: КIA, ВАЗ-2106, ВАЗ-99 және №105 бағытындағы ПАЗ автобусы.
"Автобус өз бағыты бойынша жолаушылармен кетіп бара жатқан. Куәгерлердің айтуынша, ВАЗ-21099 автокөлігінің жүргізушісі кетіп бара жатқан автобус пен КIA жеңіл автокөлігінің жолын кесіп өткен", - делінген жарияланымда.
Жол апаты болған жерге полиция қызметкерлері мен медициналық жәрдем шұғыл жетті. Зардап шеккендер жоқ. Полицейлер оқиға орнында комментарий беруден бас тартты. Мамандар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Айта кетейік, бүгін Астанада да автобустың қатысумен жол апаты болды. Жол-көлік оқиғасы 21 қазанда сағат таңғы 7.00-де Бөгенбай батыр даңғылындағы Свято-Серафимовский шіркеуінің маңында болған. Жол полициясы басқармасының өкілінің мәліметі бойынша, жолаушылар автобусы, Газель және Toyota Camry соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан мобильді дөңгелек жөндеу констукциясы қираған.