21 қазан 2015 11:54

Ақтауда ірі жол апаты болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lada.kz © lada.kz

Ақтауда жолаушылар автобусының қатысуымен ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды "Лада".


Ақтауда жолаушылар автобусының қатысуымен ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды "Лада".

Оқиға бүгін, 21 қазанда сағат 09.00 шамасында Маңғышлақ станциясының жолында болған. Басылымның мәліметінше, төрт көлік соқтығысты: КIA, ВАЗ-2106, ВАЗ-99 және №105 бағытындағы ПАЗ автобусы.

"Автобус өз бағыты бойынша жолаушылармен кетіп бара жатқан. Куәгерлердің айтуынша, ВАЗ-21099 автокөлігінің жүргізушісі кетіп бара жатқан автобус пен КIA жеңіл автокөлігінің жолын кесіп өткен", - делінген жарияланымда.

Жол апаты болған жерге полиция қызметкерлері мен медициналық жәрдем шұғыл жетті. Зардап шеккендер жоқ. Полицейлер оқиға орнында комментарий беруден бас тартты. Мамандар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Айта кетейік, бүгін Астанада да автобустың қатысумен жол апаты болды. Жол-көлік оқиғасы 21 қазанда сағат таңғы 7.00-де Бөгенбай батыр даңғылындағы Свято-Серафимовский шіркеуінің маңында болған. Жол полициясы басқармасының өкілінің мәліметі бойынша, жолаушылар автобусы, Газель және Toyota Camry соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан мобильді дөңгелек жөндеу констукциясы қираған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети