Ақтауда төрт әскери қызметшінің жаттығу кезінде суға кетіп қайтыс болуы туралы істе сот үкімі шықты

25 Қараша 2016, 14:11
0
Ақтауда төрт әскери қызметшінің жаттығу кезінде суға кетіп қайтыс болуы туралы істе сот үкімі шықты - © lada.kz
© lada.kz

Ақтауда "Орталық-2015" оқу-жаттығуы барысында төрт әскери қызметшінің суға кетіп қайтыс болуына кінәлілерге сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Бүгін, 25 қарашада Ақтау гарнизонының әскери сотында Ақтауда "Орталық-2015" оқу-жаттығуы барысында төрт әскери қызметшінің жаттығу кезінде суға кетіп қайтыс болуына кінәлілерге сот үкімі шықты. Сот алдында алты адам жауап берді, олардың ішінде лауазымды тұлғалар да бар. Олардың барлығына ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабының 2-бөлігі ("Қызметке салғырт қарау, Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет") бойынша айып тағылған. 

Сот "Батыс" өңірлік басқару бқрынғы басшысы полковник Мұрат Нұғмановты, бұрынғы теңіз жаяу әскер бригадасының командирі подполковник Ерболат Толықбаевты және 25744 әскери бөлімінің теңіз жаяу әскер командирінің орынбасары Рашид Жылқыайдаровты 2,5 жылға бас бостандығынан айырды. 25744 әскери бөлімнің теңіз жаяу әскер екінші бөлім командирі кіші сержант Абай Баймұратов 1,5 жылғы бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын қоныс колониясында өтейтін болады. 25744 әскери бөлімнің теңіз пехотасы взвод командирі Бауыржан Төлегенов пен теңіз пехотасының үшінші бөлімікіші сержанты Ерасыл Күбеген 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабы қолданылып, соңында судья оларға шартты мерзім тағайындады", - деді Ақтау гарнизонының әскери сотында. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, сотталушылар 15 күн ішінде бұл үкімге арыз бере алады. 

Еске салайық, осыған дейін Ақтауда төрт әскери қызметшінің жаттығу кезінде суға кеткені хабарланды. Ақтауда өтіп жатқан "Орталық-2015" оқу-жаттығуының "Орта Азиялық стратегиялық бағытта жауынгерлер тобының операция жүргізуі" екінші кезеңінде ("Оймаша" полигонынан 5 шақырым қашықтықта) "теңіз десантын түсіру және плацдармға тосқауыл қою" эпизодын орындалып жатқан. Алайда төрт машина 150 метрге дейін барып, су астына кеткен. Олар 19 жастағы Бауыржан Жолдыбай, ол Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданынан шақыртылған, 19 жастағы Асылжан Махамбетов, ол Атырау облысының Құлсары ауданынан шақыртылған. Сонымен қатар, мәйітханаға 23 жастағы Замир Әділовтің денесі жеткізілді, ол Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданынан барған және 19 жастағы Бақытжан Қалыбай, ол Атырау облысының Мақат аулынан барған.

Төтенше оқиға жаттығуды бақылап отырған тілшілердің көз алдында болды. Алайда көпшілік ақпарат құралдары БТР-лардың су астына кеткенін жаттығу аясындағы әрекет деп ойлап қалған. Қаза болғандардың демобилизациясына бір ай ғана уақыт қалыпты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай