20 қыркүйек 2016 17:02

Ақтаудағы үш балабақшаның тәрбиеленушілерінде дене зақымы анықталған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Ақтауда тәрбиешілердің қарауынсыз қалып, дене зақымын алған тәрбиеленушілер анықталған бірнеше балабақшаның директорлары жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап. 


Ақтауда тәрбиешілердің қарауынсыз қалып, дене зақымын алған тәрбиеленушілер анықталған бірнеше балабақшаның директорлары жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап. 

Ақтаудағы прокуратура өкілдерінің айтуынша, сенім телефонына "Сұлтан", "Әсем-ай" және "Түймеқыз" балабақшаларының тәрбиеленушілерінің жеңіл дене жарақаттарын алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Сараптамалардың қорытындысына қарағанда, сенім телефонына келіп түскен хабарламалар расталды. Осыған байланысты қалалық прокуратурадағылар білім беру саласын бақылау департаментіндегілерден бұл ереже бұзушылықтардың көзін жоюды талап етті.

Осылайша үш балабақшаның директорлары Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 409-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар білім беру мекемесінде міндеттерін лайықсыз орындағаны үшін, оқу-тәрбие процесі кезінде тәрбиеленушілердің денсаулығына жеңіл зақым тигізгені үшін жазаланды. Сондай-ақ, оларға 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 106 мың 50 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети