Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Ақтөбе және Қарағанды облыстарында жолдарды су алды

29 Ақпан 2016, 18:15
0
© YouTube
© YouTube

Ақтөбе және Қарағанды облыстарында еріген қар суы республикалық маңызы бар жолдарды су алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазавтожол" кәсіпорнына сілтеме жасап. Бүгін, 29 ақпанда Қарағанды облысындағы Қызылорда - Павлодар тас жолының 389-шы шақырымында тереңдігі 5 сантиметр, ұзындығы 30-40 метрлік су пайда болды.

"Қазіргі уақытта бұл аумақта тасты-сазды материал себу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тиісті жол белгілері орнатылып, тәулік бойы кезекшілік қойылды. Төрт техника жұмыс істеп жатыр", - деді кәсіпорын өкілдері.

Сонымен қатар, 28 ақпанда тасқын судан Екатеринбург - Алматы тас жолының 1856-шы шақырымында тереңдігі 10-12 сантиметр болатын ұзындығы 300-350 метрлік тасқын су пайда болды. "Қазавтожолдың" жергілікті қызметкерлерінің күшімен тасқын жойылды. 

Tengrinews.kz редакциясына тілшілер Қарағанды облысында түсірілген видеоны жолдады. Автордың мәліметінше, видео 26 ақпанда Жетіқоңыр ауылына жақын маңда түсірілген.

 

Күн райының жылынуынан Ақтөбе облысындағы Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз тас жолының 289-шы шақырымында да жолды су басып қалды. Тасқыннан пайда болған судың ұзындығы 200 метр болса, тереңдігі 7-10 сантиметрге дейін жетті.

"Қазавтожол" кәсіпорнының Ақтөбе облыстық филиалы қызметкерлерінің күшімен су арнасын бұру жұмыстары жүргізілді. Су арнасын нығайту жұмыстарын жүргізу үшін 30 тонна құм, 30 тонна кесек тас апарылды. Аймақта жеті техника мен төрт жол қызметкеррі жұмыс істеп жатыр", - деді ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта су деңгейі төмен түсті. Шалқар-Ырғыз тас жолында көлік қозғалысына шектеу жоқ.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай