10 маусым 2016 12:35

Ақтөбе қаласының тұрғындары түнде болған эвакуация туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Отырар" сауда үйінің жанында орналасқан үйдің тұрғындары арнайы операция кезінде болған эвакуация туралы айтып берді, - деп хабарлайды "Диапазон".


"Отырар" сауда үйінің жанында орналасқан үйдің тұрғындары арнайы операция кезінде болған эвакуация туралы айтып берді, - деп хабарлайды "Диапазон".

Расталмаған мәліметтерге сүйенсек, лаңкестер жасырынған тұрғын үйден адамдарды қауіпсіз жерге көшіру сағат 4-те басталған. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындардың айтуынша, бірінші атыс сағат 00.30-да естілген. Тәртіп сақшылары адамдарды үйден көшіріп, автобусқа отырғызған. Содан ІІБ ғимаратына жеткізген. Тұрғындар автобуста түнепті.

Басылымның мәліметінше, осыдан екі күн бұрын тұрғындардың үйіне полицейлер келіп, пәтерлердің біріндегі тұрғындарды сұрастырған. Тұрғындар сол кезде бірнеше күдіктінің көзі жойылғанын айтып отыр. Таңғы сағат 10-да қоршауға алынған үй қазір қайта ашылды. Тұрғындар үйлеріне қайтты, бірақ олар онда кіруге асығып тұрған жоқ.

Айта кетейік, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) жұма күні, 10 маусымда ресми сайтында Ақтөбеде лаңкестерді ұстау бойынша арнайы операцияның жалғасып жатқанын хабарлағаны белгілі. "Лаңкестер берілу туралы ұсынысқа қарулы қарсылық көрсетті. Шара жалғасып жатыр, оның нәтижесі қосымша хабарланады. Күштік фаза өткізу кезінде халықтың қауіпсіздігі сақталды", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети