25 мамыр 2016 09:31

Ақтөбе облысында 13 жастағы бала жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында 13 жастағы бала жоғалып кетті. Жауымбет Бейбіт 22 мамырда таңғы уақытта Саркөл ауылындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған, - деп хабарлайды "Диапазон".


Ақтөбе облысында 13 жастағы бала жоғалып кетті. Жауымбет Бейбіт 22 мамырда таңғы уақытта Саркөл ауылындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған, - деп хабарлайды "Диапазон".

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ардагер Уайдиннің айтуынша, 22 мамырда кешкі уақытта Темір аудандық ішкі істер бөлімінің Кеңқия полиция бөліміне Саркөл ауылының тұрғыны кәмелетке толмаған баласы Жауымбет Бейбіт Берікұлын таппай қалғанын хабарлаған. "2003 жылғы бала 22 мамырда үйінен таңғы 10-30-да шығып кетіп, әлі күнге оралмаған", - деді Уайдин.

Баланың қайда екені белгісіз. Оның үстінде қара түсті спорт киімі, ақ-көк түсті жейде, аяғында көк-ақ түсті кроссовка болған. Баланың бойы 115-120 сантиметр, арықтау келген, бетінің реңкі ақ, шашы қара, көзі қысық.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети