Ақтөбе облысында LADA Priora жүргізушісі велосипедшіні қағып кетті

28 Тамыз, 14:18
0
Ақтөбе облысында LADA Priora жүргізушісі велосипедшіні қағып кетті -

Таяуда Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданына қарасты Белқопа ауылының маңында жеңіл көлік жүргізушісі велосипедшіні қағып кеткен, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары".

Оқиға 23 тамызда болған, зардап шеккен 19 жастағы жігіт оқиға орнында ес жимастан қайтыс болған.

LADA Priora көлігінің жүргізушісі Қарабұтақ ауылынан Хромтауға бара жатқан. Осы уақытта оның алдынан велосипед мінген 19 жастағы жігіт шығып, жолды кесіп өтпек болған. Көлік жүргізушісі әрекет етіп үлгермей, жас жігітті қағып кеткен. Ол оқиға орнында көз жұмды.

"Осы дерекке қатысты тергеу шаралары жүріп жатыр. Жас жігіт алған жарақатынан сол жерде көз жұмды", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай