03 мамыр 2019 11:31

Ақтөбе облысында Nissan Patrol мен "Уаз" соқтығысты: Екі адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысы Темір ауданының орталығы Шұбарқұдықта екі көлік соқтығысып, салдарынан бірнеше адам ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.


Ақтөбе облысы Темір ауданының орталығы Шұбарқұдықта екі көлік соқтығысып, салдарынан бірнеше адам ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Шұбарқұдықта Nissan Patrol маркалы көлік пен "Уаз" автокөлігі соқтығысты. Оқиға 1 - мамырда сағат 18:20-да болды. Екі көліктің жүргізушілері мен жолаушылары ауруханаға жеткізліген еді. 

"Nissan Patrol көлігінде 2, ал "Уаз" автокөлігінде 5 адам болды. Бәрі де сол күні ауруханаға жеткізілді. Nissan Patrol көлігі жүргізушісінің жарақаты ауыр болып, сол күні көз жұмды. Тағы бір науқас отадан соң жан тапсырды. Бір науқас отадан соң ем қабылдап жатыр. Санавиация шақырылып, кеше екі науқасты жолға дайындады. Бүгін сағат 11:00-де емді жалғастыру үшін 2 адамды облыс орталығына алып кетті", - деді Темір аудандық ауруханасының бас дәрігері Есентемір Демегенов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети