13 маусым 2014 19:09

Ақтөбе облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото tsn.ua сайтынан алынды Фото tsn.ua сайтынан алынды

Ақтөбе облысында  жол апатынан 6 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 


Ақтөбе облысында  жол апатынан 6 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Ірі жол апаты 13 маусым күні таңғы сағат 10-ның шамасында Ақтөбе - Астрахань тасжолында Ақтөбе облысындағы Алға қаласынан 5 шақырым жерде болған. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, Seat Toledo автокөлігінің жүргізушісі жол ережесін бұзып  Оpel Vectra көлігін соққан. Белгілісі,  автокөліктердегі 5 жолаушы оқиға орнында қаза тауып, бір әйел ауруханада көз жұмған. Қазіргі таңда қалған төрт адам ауруханада жатыр. 

Жол-көлік апаты болған жерде  тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Кейбір ақпарат көздері таратқан хабарға қарағанда, Ақтөбе облысындағы жол апатына ұшыраған жолаушылар арасында 2 бала бар көрінеді. 

Таяуда Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстанның тасжолдарында  жол-көлік апаттарының азайғаны туралы мәлімдеген болатын. "2014 жылдың 5 айында республикалық автожолдарда 625 жол апаты болған. Бұл көрсеткіш 2013 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 7 пайызға кеміген", - дейді министрліктегілер. 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети