06 қараша 2019 09:01

Ақтөбе облысында жол бойында қалған автобустың жолаушысы қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр. © Astana.tv Видеодан алынған кадр. © Astana.tv

Ақтөбе облысында қардың құсауынан шыға алмаған автобустың жолаушысы қайтыс болды. Марқұмның Тәжікстанның 63 жастағы тұрғыны екені белгілі болды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Ақтөбе облысында қардың құсауынан шыға алмаған автобустың жолаушысы қайтыс болды. Марқұмның Тәжікстанның 63 жастағы тұрғыны екені белгілі болды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, ер адам Ресейден Тәжікстанға қайтып бара жатқан. Қоғамдық көліктің Әйтеке би ауданы маңында жолда тұрғанына бір тәуліктен асқаны белгілі болды.

Қайғылы оқиға таңғы сағат 6-ларда Әйтеке би ауданы маңында болған. Қар құрсауынан шыға алмай қалған автобус Ресейден Тәжікстанға бағыт алыпты. Шетелдіктер мінген қоғамдық көлік жолаушылары түнде өз көліктерінде қонып шыққан.

"Ол кісілерді кемпингте орналастырды. Ол жерде олар ыстық тамақпен қамтамасыз етілген болатын. Сол жерден тамақтанғаннан кейін автобусқа барып орналасқан. Автобуста болғаннан кейін намаз оқимын деп сыртқа шығып, сол жерде көз жұмған", - деді Ақтөбе облыстық ТЖД басқарма бастығы Нұрлыбек Айжарықов.

Қаза болған тәжікстандыққа арнайы сараптама жасалып, оның жүрегі кенеттен тоқтап қалғаны анықталған. Қазіргі таңда марқұмның денесін туған жеріне жеткізу мәселесі қарастырылып жатыр. Жауапты мамандар өз кезегінде жолда қалған көліктер қар тазалауға кедергі болғанын айтады.

"Біз қар тазалау орнына, қазір бүкіл қар астында қалып қойған көліктерді жолдан шығару жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Жол үстіңде мынадай машина болмаса, қар тазалауға 15 техниканың толық мүмкіндігі бар", - дейді "ҚазАвтожол" ҰҚ Ақтөбе облыстық филиалының бөлім бастығы Әкімжан Өтемұратов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети