21 желтоқсан 2019 17:55

Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар тасжолда ірі апат болды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Ақтөбе облыстық полиция департаменті Сурет: Ақтөбе облыстық полиция департаменті

Ақтөбе облысында "Самара-Шымкент" республикалық маңызы бар тасжолда ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе облысында "Самара-Шымкент" республикалық маңызы бар тасжолда ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

11 көлік қақтығысқан апат жолдың 859-шақырымында болған.  

"Mercedes жүргізушісі жолдың тайғақ бөлігінде көлігін басқара алмай, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, ВАЗ 2115 автокөлігімен соқтығысты. Қауіпсіздік мақсатында патруль полиция жасағы барлық көлік құралының қозғалысын жауып тастады. Осы уақытта метеорологиялық жағдайды ескерместен жолға шығып кеткен Volvo жүк көлігінің жүргізушісі, Хромтау қаласы жағынан келе жатып, жол жиегіндегі тоғыз көлікті қаққан", - делінген Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

8 адам зардап шекті, олар Хромтау аудандық орталық ауруханасына түрлі дене жарақаттарымен жеткізді.

Полиция тұрғындардан жол жүрмеуді сұрайды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети