06 сәуір 2017 20:17

Ақтөбе облысында теміржол қызметкерін пойыз басып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Қазхромның" ақтөбелік филиалының тепловоз машинсі әйел адамды басып кетті, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".


"Қазхромның" ақтөбелік филиалының тепловоз машинсі әйел адамды басып кетті, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Басылымның мәліметінше, қайғылы оқиға 5 сәуірде Ақтөбе облысының Дон бекетінде болған. Сағат 5 шамасында "Қазхром" АҚ филиалының жолына № 1602 пойыз келіп тоқтаған. Жүк тиелген 56 вагон екінші жолға тұрған болатын. 

Оператор Сания Аханова вагондарды тізімнен шығару үшін пойызға шыққан. Осы кезде пойыз тепловозы тіркеуден босатылып, бірінші жолмен қозғала бастайды. Оператор келе жатқан тепловозды байқамай қалған болуы керек. Ол оқиға орнында көз жұмды. 

Аханованың жерде жатқанын көрген манинист бірден бекет басшысына хабарлаған.

Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сәния Аханова 38 жаста болған. 2000 жылдан бастап оператор болып істеген. Әйелдің артында күйеуі мен үш баласы қалды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети