25 наурыз 2014 10:04

Ақтөбе облысының тас жолдарында көлік кептеліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Әлия Таласова ©Әлия Таласова

Ақтөбе облысындағы үлкен тас жолдарда көліктер кептеліп жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Мамандардың мәліметінше, Ақтөбе - Орск автожолының Қарғалы ауданындағы бөлігінде күртік қардың салдарынан көліктер тұралап қалған. 24 наурыз күні құтқарушылар жол бойынан жеті жолаушыны Әлімбет елді мекеніне жеткізіп тастады. Оларға тамақ берілді. Қазіргі уақытта жол учаскесін қардан тазартуға "Қазақавтожол" кәсіпорнының алты техникасы шығарылды. Ресейдің Орск қаласынан тағы жеті техника жұмылдырылды. Еске сала кетейік, Ақтөбе - Орск тас жолы 18 наурыз күні боранға байланысты жабылған болатын. Самара - Шымкент тас жолының Хромтау ауданы аумағындағы 843-шақырымынан бастап, тағы көлік кептелісі қалыптасты. 24 наурыз күні кешкісін құтқарушылар жолаушыларға көмекке барып, азық таратты. Жол қардан тазартылып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети