Ақтөбе орталығында суға батып кеткен үш жасөспірімнің өліміне қатысты деректер пайда болды

08 Маусым 2017, 10:50
2
Ақтөбе орталығында суға батып кеткен үш жасөспірімнің өліміне қатысты деректер пайда болды - © Instagram
© Instagram

Ақтөбелік "Эврика" басылымы 1 маусымда Ақтөбе орталығында болған қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтады.

Еске сала кетейік, 1 маусымда Сазды өзенінде "Нұр ғасыр" мешітінің маңында бір топ адамның көз алдында үш жасөспірім суға батып кеткен еді. Қала тұрғындарының көбі үш баланың күннің ыстығында уға шомылып шыққысы келді деп ойлаған, алайда, олардың үшеуінің де киіммен болғаны анықталып отыр.

Сол күні қалада балаларға арналған іс-шаралар өтіп жатты. Балалар саябақтарда шарлар ұшырып, парадтарға қатысып, би билеп жатты. Ал 12-ші ықшамауданда балаларға тегін балмұздақ берілді, сондықтан онда сол кезде өте көп адам жүрген.

"Төрт бала мереке күні қыдырып қайтпақшы болған. Ата-аналарына бұл туралы ескертпеген. Батып кеткен екі баланың мұғалімі Қанзада Сүйентаеваның айтуынша, оқушылардың бірі біраз салқындап алу үшін өзенге қарай жақындаған. Бір сәтте тепе-теңдікті сақтай алмай, суға бата бастады. Сыныптасы оны құтқармақшы болып, қолын созды. Алайда ол да суға кетіп қалды. Осылайша, Ернат Жасқайратов пен Шыңғыс Нұрғазы суға батып жатып, көмек сұрай бастады. Осы сәтте үшінші бала Нұржанның інісі - Сәлім Аяпбергенов оларды құтқарып қалу үшін суға секіріп кетеді. Алайда ол батып бара жатқан екі баланы құтқара алмай, өзі де суға кетіп қалады. Осылайша, үш бала суға батып кеткен", - дейді басылымдағылар.

Суға батып кеткен жасөспірімдер №31 орта мектепте 8-сыныпта оқыған. Нұржанның інісі Сәлім болса 7-сыныпта оқыған.

Балалардың мұғалімі Ханзада апай балалар жайлы берді. "Өте жақсы балалар. Өте жақсы оқыған жоқ, бірақ өте белсенді әрі зерек балалар еді. Шыңғыс біздің энциклопедия еді. Не сұрасаң да барлығына жауабы болады. Білімқұмар болатын. Оны әжесі мен атасы өсіріп бақты. Анасы вахтада жұмыс істейді, әкесі жоқ. Бірақ отбасы баланы тәрбиелеумен айналыты. Балалар жақсы достар еді, бір сыныпта оқитын, бір ауданда тұратын. Күнделікті көрісетін. Ернат спортты сүйетін, әсіресе, футболды. Бірақ менеджер болуды армандайтын. Қарындасына қарап жүретін, оны мектептен алып кететін, анасына жақсы көмекші еді. Ол да әкесіз өсті. Бұл жағдай қазір барлық отбасына ауыр тиіп жатыр. Нұржанның отбасында да қайғылы жағдай - інісі көз алдында көз жұмды. Балалардың ата-аналары әзірше ешқандай пікір айта алмай отыр. Қалай мұндай жағдайдың болғанын білмеймін. Шыңғыс жақсы жүзуші еді ғой. Балалардың аяқкиімдері мен шұлықтары жағада қалып кеткен екен. Олар жай өзеннің тереңдігін көргісі келген шығар", - дейді Қанзада апай.

Мектеп оқушыларын мереке кезінде адам көп кезде ешкімнің байқамай қалғаны түсініксіз. Өтіп бара жатқан адамдардың неліктен оларды құтқармағаны да түсініксіз. Әлеуметтік желілердегі видеолардан саябақта ересектердің де болғанын көруге болады. Олар телефондарына құтқарушылардың келген сәтін түсіріп алған.

Zello.aktobe және aktobe_zello парақшаларында қаза болған жасөспірімдердің бірі - Шыңғыс Нұрғазы жайлы ролик пайда болды. "Батып бара жатқан достарын құтқарамын деп қаза болды", - делінген видеоның сипаттамасында.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай