Күміс Ғалиеваны туыстары 6 күн бойы іздестіріп жатыр, соңғы рет оны 18 қазанда Шалқар вокзалынан көрген, - деп хабарлайды "Диапазон".
Күміс Ғалиеваны туыстары 6 күн бойы іздестіріп жатыр, соңғы рет оны 18 қазанда Шалқар вокзалынан көрген, - деп хабарлайды "Диапазон".
БАҚ-қа Ерлан Әуезов есімді ер адам хабарласып, 14 қазан күні Орал қаласында 80 жасқа келген әжейдің сағат 09.30-да үйден шығып кетіп, із-түссіз жоғалып кеткенін айтқан. Кейуана көк түсті сырт киімде, сұр шәліде және аяғына ақ түсті аяқ-киім киген. Әйел адам бірен-саран есте сақтау қабылетінен айрылу сырқатынан зардап шегуде.
Кеше, туыстарына әженің Ақтөбе облысындағы Шалқар бекетінде байқалғаны хабарланған.
Әженің туыстары, жақындары оны көргендер болса мына телефондарға хабарласуды сұрайды: 8747 252 69 05, 8707 813 7968, 8705 571 4312, 8701 333 0403, 8776 333 0403.