15 сәуір 2017 16:22

Ақтөбеде 9 жастағы бала іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде 9 жастағы бала іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықов "Ақтөбе ақпарат" орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтты, - хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі орталыққа сілтеме жасап.

Ресми емес деректерге сүйенсек, Біржан мұзға секіріп, сынып кеткен мұз баланы ағыспен алып кеткен.

"Баланың жоғалғандығы туралы дабыл түскен бойда барлық күштер көтерілді. Оның суға құлап кеткенін көрген достары қорқып кетіп, бұл туралы ата-аналарына дер кезінде хабарламаған. Іздестіру жұмыстарынажергілікті атқарушы органдардың, полиция қызметінің, төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, тұрғындар, барлығы 40 адам жұмылдырылды. Екі тәулік бойы жұмыс істеп жатырмыз, алайда, өкінішке қарай нәтиже жоқ", - деді Бауыржан Сыздықов.

ТЖД басшысының айтуынша, көктемгі жылымықтың салдарынан өзенінің арнасы көтеріліп, ағысы күшейгендіктен, іздеу шараларына кедергі келтіріп жатыр.

Еске сала кетейік, Ақтөбе облысында 9 жасар Біржан Ерсайыновты іздеу шаралары жалғасып жатыр. Бала 13 сәуірде Жаңақоныс ауылында жоғалып кеткен. Көшеге балалармен ойнауға шығып кеткен 4-сынып оқушысы кешке қарай үйіне оралмаған. Ұлдарының кешіккеніне алаңдаған ата-анасы дабыл қаққан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети