Ақтөбеде "Ақбөбек" балабақшасының маңында арнайы операция жүріп жатыр

08 Маусым 2016, 11:49
2
Ақтөбеде "Ақбөбек" балабақшасының маңында арнайы операция жүріп жатыр -

Ақтөбеде "Ақбөбек" балабақшасының маңында арнайы операция жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта Сәңкібай батыр 74/б мекен-жайындағы "Ақбөбек" балабақшасының маңында әскерилер тобы жүр. Олар бронежилет киген және автоматтары бар. Балалар орталығының территориясында құм салынған қаптар қойылған және екі әскери КамАЗ тұр. Балабақшаның қақпасы жабық. Әскерилер Tengrinews.kz тілшісіне балабақша территориясына кіруге қатаң түрде тыйым салынғанын айтты. 

Биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай