02 желтоқсан 2014 19:16

Ақтөбеде апатқа ұшыраған жүк көлігінен төгілген көмір үш адамды басып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ua-ru.info © ua-ru.info

Ақтөбе облысында апатқа ұшыраған жүк көлігінен төгілген көмір үш адамды басып қалып, опат етті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Ардагер Уайдиннің мәліметіне сілтеме жасап.


Ақтөбе облысында апатқа ұшыраған жүк көлігінен төгілген көмір үш адамды басып қалып, опат етті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Ардагер Уайдиннің мәліметіне сілтеме жасап.

Апат 29 қараша күні кешкі уақытта Ақтөбе-Орал тас жолында, облыс орталығынан 70 шақырым жерде болған. Volkswagen Golf жеңіл көлігі жол жиегінде тұрған ЗИЛ жүк көлігінің артына соғылған. Соққының салдарынан жүк көлігінің кузовы ашылып кетіп, тиелген көмір төгіліп, ішінде үш адамы бар неміс автокөлігін басып қалған.

Апат салдарынан Volkswagen Golf жеңіл көлігінде болған үш адам сол жерде қайтыс болды. Оқиға орнына келген құтқарушылар неміс көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушының жансыз денесін шығарып алған. Қайтыс болғандардың бәрі де (1989, 1986, 1987 жылы туған) жастар. Ал медициналық сараптамаға жіберілген жүк көлігінің 50 жастағы жүргізушісінің мас емес екені анықталды.

Бұған дейін аталмыш аймақта жол-көлік апатын жасап, кісі өліміне себепші болған 20 жастағы студент сотталған еді. Ол кезде студент-жүргізуші мейрамханадағы тойдан шығып, жол жиегінде тұрған бір топ адамды қағып кеткен. Апат салдарынан 18 және 29 жастағы екі адам қаза тауып, тағы екі адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен еді. Сот айыптыны 7 жылға қоныс-калониясында жазасын өтеуге кесіп, қайтыс болғандардың туыстарына бір миллион теңге моральдық өтем төлеуге ұйғарған болатын.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети