20 сәуір 2016 09:21

Ақтөбеде автобус жүргізушілері жолақыны төлей алмаған зейнеткерлерді шығарып тастай бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© aktobe_zello © aktobe_zello

Ақтөбе қаласында зейнеткерлер қоғамдық көліктегі жеңілдіктердің алып тасталуына наразылық білдірді, бұл заң 18 сәуірде күшіне енген еді. Егде жастағы кісілер жол ақысын толық көлемде төлегісі келмей, автобус жүргізушілері мен кондукторларымен жанжалдасып жүр. Осындай екі жағдай видеоға түсірілген. Видеожазбалар Instagram желісіндегі aktobe_zello парақшасында пайда болды.

Бірінші видеода оқиға 15-ші бағыттағы автобуста, ал екінші видеодағысы - 24-ші бағыттағы автобуста болған.

Қолданушылардың айтуынша, жол ақысын төлегісі келмеген әжелерді кондукторлар мен жүргізушілер қоғамдық көліктен қуып шығатын да жағдайлар болады екен. daniya_honey89 деген қолданушы былай деп жазады: "Қазір ғана 15-ші бағыттағы автобуспен жұмысқа келдім. Нағыз масқараның куәгері болдым! Сөйтсек, бүгін зейнеткерлерге тегін жүруге мүмкіндік беретін жеңілдік алып тасталыпты. 70 жастағы әже "Стадионда" мінді. Оны "Океанда" шығарып тастады! Оның ақшасы болмаған еді, дереу шығарып тастады! Өрескел түрде! Мен оған төлеп бергім келген, бірақ әже алды-артына қарамай шығып кетті. Бұл масқара! Ал егде жастағы кісілерде қабылдау сезімдері өте күшті болады. Мен де мұндай адамдармен бірге жол жүргім келмес еді. Өз елім үшін бұлай ұялып көрмеппін!!!! Масқара...".

Ал белсенділер Ақтөбе қаласының тұрғындарын автобустарға байкот жариялап, велосипедпен жүруге шақырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети