Ақтөбеде автобус жүргізушілерінің төбелесі видеоға түсірілді 16 желтоқсан 2015, 10:11

Ақтөбеде куәгерлер жол бойындағы ер адамдардың төбелесін ұялы телефонға түсіріп алған. Видеожазба үзіндісі Instagram әлеуметтік желісіндегі zello_aktobe парақшасында жарияланды.
"27-ші және 16-шы маршрут жүргізушілерінің төбелесі. Қонаев көшесі. 15.12.2015", - деп жазылған роликтің астында. Жанжал не себепті шыққаны әзірше белгісіз. Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты түсінік берген жоқ.