09 тамыз 2019 09:23

Ақтөбеде ерлі-зайыпты баласының еміне делінген 1,5 миллион теңгені ұрлатып алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде ерлі-зайыпты баласының еміне делінген 1,5 миллион теңгені ұрлатып алған, - деп хабарлайды "Бірінші Еуразия арнасы".


Ақтөбеде ерлі-зайыпты баласының еміне делінген 1,5 миллион теңгені ұрлатып алған, - деп хабарлайды "Бірінші Еуразия арнасы".

Телеарнаның мәліметінше, қомақты ақша аутизмге шалдыққан 4 жасар ұлдарының еміне арналған екен.

Сырым мен Бақытгүлдің 4 жастағы ұлдарының аутизмге шалдыққанын дәрігерлер жуырда анықтапты. Нұр-Сұлтандағы ана мен бала орталығына барып ем алуға квота берілген. 20 тамызда Бақытгүл ұлымен елордада болуы тиіс еді. Баласының қамы үшін жанталасқан ерлі-зайыпты дереу көліктерін сатыпты. 1,5 миллион теңге Санжардың еміне арналған. Өйткені, анасының айтуынша, тегін медициналық ем жеткіліксіз, мұндай балаларға үнемі күтім керек.

"Мен ол ақшаны еріккен машина сатып, болмаса, мен де көпбалалы анамын, жай ғана мұғаліммін. Мен бұл ақшаның біреудің қолында кеткенін қаламаймын. Өз баламның емін алуына толық жұмсағым келеді». Баланың ата-анасы ұрлық-қарлық теміржол вокзалының көлік тұрағында болғанын айтады. Бақытгүл билет алу үшін ғимаратқа кіріп кетеді. Сырым көлігін ақылы тұраққа қойып, жұбайын күтеді. Бөгелген соң, артынан барады", - дейді науқас баланың анасы Бақытгүл Ермағамбетова.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"1,5 миллион теңге ақшаны ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, қылмысқа барды деген күдікті адамдардың барлығы тексеріледі. Сонымен қатар, вокзал маңындағы бейнекамераларды полицейлер қарап, зерттейді", - деді Сарқұлов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети