26 мамыр 2016 15:43

Ақтөбеде жоғалып кеткен 13 жастағы бала өзі тұратын ауылдан 300 шақырым жерден табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Diapazon.kz © Diapazon.kz

Ақтөбе облысында жоғалып кеткен 13 жастағы Бейбіт Жауымбет табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметін сілтеме жасап. Айта кетейік, жасөспірім 22 мамыр күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған болатын.

Бала өзі тұратын Ақтөбе облысы Темір ауданы Саркөл ауылынан 300 шақырым жерден табылды. Бейбіт жол-жөнекей кетіп бара жатқан көлікпен облыс орталығына дейін жетіп алған екен. Оның айтуынша, мұндай қадамға баруға әкесімен жанжалдасып қалуы себеп болыпты.

"Қазір оның нақты не себепті кеткені анықталып жатыр. Отбасы жақсы тұрады, ата-анасы жұмыс істейді", - деді Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Ардагер Уайдин.

Айта кетейік, Бейбіт осымен екінші рет үйінен қашып кетіп отыр. Былтыр да ол Ақтөбедегі саябақтардың бірінен табылып, ата-анасына қайтарылған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети