1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Ақтөбеде жол бойында төбелескен автобус жүргізушісі мен кондукторы видеоға түсіп қалды21 желтоқсан 2015, 18:48

© instagram.com/zello_aktobe © instagram.com/zello_aktobe

16-шы бағыттағы автобустың жүргізушісі мен 27-ші автобустың кондукторы жол бойында төбелесіп қалған, олар өздеріне жүктелген міндетті орындамағандары үшін жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Tengrinеws.kz тілшісіне Ақтөбедегі "Автопарк" ЖШС өкілдері айтып берді. Төбелеске кішігірім жол-көлік оқиғасы себеп болыпты. 

Оқиға өткен сәрсенбіде, 16 желтоқсанда Қонаев көшесіндегі аялдамада болған. "Автопарк" ЖШС өкілдерінің мәліметінше, №16 автобусының жүргізушісі бәсекелесінен озып кеткісі келіп, апат жасаған. Бұдан кейін соққан автобусының кондукторымен жаға жыртысқан. 

"Биылғы 16 желтоқсанда бізге №27 автобустың кондукторынан арыз келіп түсті, онда ол 16-шы автобустың жүргізушісімен төбелескенін айтты. Сол күні екеуі де жұмыстан шеттетіліп, кейін жмұыстан шығарылды", - деп хабарлады автопарктегілер. 

Еске салайық, Ақтөбеде куәгер ұялы телефон камерасына жол бойында төбелескен ер адамдардың төбелесін түсіріп алған болатын.


Елордада IT-кеңес құрылды