27 наурыз 2019 | 08:38

Ақтөбеде Кеңес Одағы Батырының ұрпағы, тоғызыншы сынып оқушысы қайтыс болды

Камила Долаева Журналист
© diapazon.kz

Ақтөбеде жеңіл автокөлік екі оқушыны қағып кетті, - деп хабарлайды Timeskz.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде жеңіл автокөлік екі оқушыны қағып кетті, - деп хабарлайды Timeskz.kz тілшісі. 

Қайғылы оқиға 24 наурызда кешке болды. Үш сыныптас бассейнге барған. Жасөспірімдер оңтүстік-батыс ауданда тұрады, №10 орта мектептің тоғызыншы сынып оқушылары. Үйге қараңғы батқанда қайтып бара жатқан. 

Реклама
Реклама

Оқушылар жаяу жүргіншілер жолымен көшеден өтіп бара жатқанда, екі баланы көлік қағып кеткен. Олардың бірі - Нұржан Жазықов сол жерде-ақ қаза тапты. Екіншісі жансақтау бөлміміне түсті. Үшінші бала жолды өтіп үлгерген. 

"Біз мектептің үздік оқушысынан айырылдық. Нұржан өте белсенді бала еді, отбасы зиялы, Кеңес Одағының Батыры Қожабай Жазықовтың ұрпақтары. Екінші күн ауруханаға барып жүрміз, жансақтау бөліміндегі оқушымыз үшін алаңдаймыз", - деді №10 орта мектептің директоры.

Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер кәмелетке толмаған баланың қайтыс болу дерегін растады. "24 наурызда Қобда жолында "Опель-Вектра" автокөлігінің жүргізушісі Едіге батыр даңғылымен қозғалып келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолында екі кәмелетке толмаған жасөспірімді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір бала оқиға болған жерде қайтыс болды, екіншісі облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды. 20 жастағы көлік жүргізушісі медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес сау болған. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Кожабай Жазықов (1920-1982) Қызылбұлақ ауылында (қазіргі Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы) дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Барлаушы болған. 1944 жылдың 25 желтоқсанында жауынгерлер тобының басшылығында Дунай арқылы Венгриядағы Сентедре қаласының ауданындағы аралға өтіп, тылдағы жауға шабуыл жасап, алты солдатты тұтқынға алған. Сол күні түнде топ аралға қайта барып, 70 жау сарбазы мен офицерін тұтқындаған. Осы ерлігі үшін оған Ленин ордені мен "Алтын жұлдыз" медалі табыс етілген. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная