Ақтөбеде көлік әкімдік ғимаратына соғылды: Полицейлер оқиғаның мән-жайын айтып берді

12 Мамыр 2018, 17:21
0
Ақтөбеде көлік әкімдік ғимаратына соғылды: Полицейлер оқиғаның мән-жайын айтып берді -

Полициядағылардың хабарлауынша, Ақтөбе облыстық әкімдігінің ғимаратына соғылған көліктің жүргізушісі мас болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"12 мамырда шамамен сағат 11.56-да ІІД Жедел басқару орталығының 102 номеріне Nissan Patrol автокөлігін мас адамның жүргізіп отырғаны туралы хабар келіп түсті. Қоғамдық және жол қауіпсіздігін сақтаумен айналысатын Ақтөбе ІІБ жол-патрульдік полициясының автопатрулі ол көлікті байқап қалды, агрессивті басқарылған көлік назарға бірден ілікті.

© aktobe.zello.

Автокөліктің жүргізушісі полиция қызметкерлерінің жүруді тоқтату туралы заңды талаптарына бағынбады, ақыры облыстық әкімдік ғимаратының алдыңғы жағына барып соғылды, салдарынан орталық кіре беріс есігінің элементтеріне зақым келтірді", - делінген ІІД хабарламасында.

Айта кетейік, автокөлікті Ақтөбенің 53 жастағы тұрғыны басқарған, ол бұған дейін отбасында жанжал шығарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. "Наркологиялық сараптаманың нәтижесі бойынша жүргізуші мастықтың орташа дәрежесінде бола тұра автокөлікті басқарған", - деді полициядағылар.

Бұл дерекке қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңындағы 608-баптың 3-бөлігіне сәйкес ("Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру") әкімшілік өндіріс пен біреудің мүлкіне зақым келтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде кроссовердің әкімдік есігін қиратқаны хабарланған болатын.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай