30 қаңтар 2019 15:54

Ақтөбеде колледж студенті пышақталған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vchasnoua.com © vchasnoua.com

Ақтөбеде колледж студентін пышақтап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ақтөбеде колледж студентін пышақтап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицейлердің айтуынша, 29 қаңтарда 17 жастағы жігіт пышақ жарақатымен облыстық клиникалық ауруханаға түскен. 

"Осы дерекке қатысты колледже оқитын 16 жастағы жігіт ұсталды, ол 29 қаңтарда 14:00-де ерегес салдарынан қарсыласына пышақ салған. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") бойынша жүргізіліп жатыр", - деді полиция баспасөз қызметінің өкілдері. 

"Диапазон" газетінің мәліметінше, зардап шеккен жігітке жедел көмек көрсетілген, қазіргі уақытта ол есін жиды. 

Айта кетейік, 26 қаңтарда Шалқарда 10-сынып оқушысы өз құрдасына пышақ ұрған. Соның салдарынан оқушы қайтыс болды. Шабуыл жасаған оқушы өз кінәсін мойындады, қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ақтөбе облысында оқушыларды суық қару ұстау бойынша тексерулер жүргізіліп жатыр. ІІМ кәмелетке толмаған балалардың ісі бойынша шұғыл ведомствоаралық комиссия құрылғанын мәлімдеді. 

Осыған дейін Желіде бірнеше видео жарияланды. Түркістан облысында жасөспірімдер төменгі сыныпта оқитын балаларға қысым көрсеткен. Қызылорда облысында оқушыларды әжетханада ұрып-соғу әрекеттері видеоға түсірілген. Сосын Қарағандыда 11 жастағы баланы орын бермегені үшін сабаған видео тарады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети